7 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Олег Ли 19-минутта есеп ашса, одан кейін Сергей Дубакин 21-минутта басымдықты арттырды.

Елордалық хоккейшілер бұдан кейін қатарынан үш шайба соғып кетті. Алдымен Райли Уолш 29-минутта мергендік танытса, одан кейін Кирилл Савицкий 32-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 36-минутта Эмиль Галимов «Барысты» алға шығарса, 41-минутта ресейлік клубтан Кирилл Петьков гол соқты.

Негізгі кезеңде командалар 3:3 есебіне қанағат білдіріп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен елордалық клуб жеңіске жетті.

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі бір ойынды елордада 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Бокс 4 сағат бұрын

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Күрес 5 сағат бұрын

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Футбол 6 сағат бұрын

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

Бокс 6 сағат бұрын

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Хоккей 7 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті