1 күн бұрын
ҚХЛ: «Барыс» жеңіс сериясын жалғастыра ала ма?

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 14-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада өткен Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынында (3:2, 3:1) жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит) клубтарынан басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
