2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» минскілік «Динамоға» есе жіберді

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында беларусьтік команда тізгінді қолда ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 5-минутта Алекс Лимок мергендік танытты.
Ойынның 32-минутта «Барыс» хоккейшісі Майк Веккионе таразы басын теңестірсе, одан кейін Алекс Лимож 34-минутта тағы бір мәрте «Барыс» қақпасын дәл көздеді.
Ал 39-минутта «Динамо» сапынан Сэм Энас қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит) клубтарынан басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
