2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін мәскеулік «Динамоның» осал тұсын таба ала ма?

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада өткен Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынында (3:2, 3:1) жеңіске жетті.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
