2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасынан басым түсті

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді
Кездесу елордалық команда үшін сәтсіз басталды. Ойынның басталғанына небәрі 40-секунд өткенде ресейлік клубтан Макс Комтуаесеп ашып кетті. Бірінші кезеңде қазақстандық команда таразы басын теңестіре алған жоқ.
Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Аңсар Шайхмедденов 24-минутта гол соқса, 37-минутта Вячеслав Колесников елордалық клубы алға шығарды.
Ал 47-минутта «Динамо» сапынан Никита Гусев мергендік танытса, қазақстандық командадан Майк Веккионе 50, 59, Әлихан Өмірбеков 56-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 18 қыркүйекте Ресейде «Металлург» (Магниогорск) командасына қарсы өткізеді.
Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит) клубтарынан басым түссе, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) есе жіберді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
