3 сағат бұрын
Қазақстандық жас шабуылшы Канададағы алғашқы матчында гол соқты

Қазақстандық жас шабуылшы Бексұлтан Мақыш OHL аясындағы маусым алдындағы кездесуде «Уинсор Спитфайрзға» жеңіс әперді.
17 жастағы форвард «Китченер Рейнджерс» командасына қарсы ойында (4:2) бір нәтижелі пас беріп, соңында екі мәрте шайбаны бос қақпаға енгізді. Осылайша Мақыштың еншісінде бірден үш ұпай болды.
Айта кетейік, «Уинсор Спитфайрз» қазақстандық хоккейшіні биылғы CHL импорт-драфтында 114-нөмірмен таңдаған болатын. Өткен маусымда ол АҚШ-тағы Бостон академиясында өнер көрсетіп, 57 ойында 121 (64+57) ұпай жинаған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
