2 сағат бұрын
Майкл Веккьоне – «Барыстың» үздік ойыншысы

ҚХЛ-дың 4-туры аясында «Барыс» өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» қабылдап, 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Тартысты өткен ойында жеңіс шайбасының авторы әрі матчтың үздік ойыншысы болып америкалық легионер Майкл Веккьоне танылды.
Осы маусымда «Барысқа» қосылған шабуылшы матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бұған дейінгі үш ойында 1 гол және 2 ассист жасаған Веккьоне енді төрт кездесуде жалпы 3 гол, 4 нәтижелі пас жинап, 7 ұпайға жетіп отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
