5 сағат бұрын
Қазақстан біріншілігінде «Торпедо» сәттілік сериясын жалғастыра ма

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде кезекті ойын күні өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні «Горняк» (Рудный) пен «Торпедо» (Өскемен), «Құлагер» (Петропавл) мен «Бейбарыс» (Атырау), «Номад» (Астана) мен «Арлан» (Көкшетау), «Алматы» мен «Ертіс» (Павлодар), «Сарыарқа» (Қарағанды) мен «Ақтөбе» кездеседі.
Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Торпедо» - 13, «Бейбарыс» - 4, «Ертіс», «Сарыарқа», «Арлан» - 3, «Барыс», «Номад» - 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) - 1 мәрте чемпион атанды.
Өткен маусымда «Арлан» жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазір турнир кестесінде «Торпедо» мен «Номад» 7 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
