2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 18 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит), «Динамо» (5:2) клубтарынан басым түссе, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) есе жіберді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
