1 сағат бұрын
«Барыс» сырт алаңдағы ойындарына құрамы

Астаналық «Барыс» КХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы алғашқы сырт алаң турнесіне жол тартты. Команда үш қаланы қамтитын сапар жасайды: Магнитогорск – Череповец – Минск.
Клубтың баспасөз қызметі алғашқы выездке қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Артём Королёв, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Алихан Асетов, Майкл Веккьоне, Владимир Волков, Эмиль Галимов, Динмухамед Кайыржан, Вячеслав Колесников, Мэйсон Морелли, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Иван Николишин, Алихан Омирбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов.
Сырт алаңдағы матчтардың кестесі (Астана уақытымен):
- 18 қыркүйек, 19:00 – «Металлург» (Магнитогорск) – «Барыс»
- 20 қыркүйек, 19:00 – «Северсталь» (Череповец) – «Барыс»
- 22 қыркүйек, 21:10 – «Динамо» (Минск) – «Барыс»
Травма себебінен сапарға шықпай қалғандар қатарында Никита Бояркин, Тамирлан Гайтамиров, Роман Старченко және Тайс Томпсон бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
