2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 18 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысыа ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында Роман Канцеров мергендік танытса, одан кейін Никита Михайлис 22, Люк Джонсон 28, Алексей Маклюков 39-минутта басымдықты арттырды.
Ал «Барыс» сапынан Джейк Масси 48-минутта есеп айырмасын қысқартса, 52-минутта ресейлік клубтан Дерек Барак көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша елордалық команда қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.
Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық команда 20 қыркүйекте Ресейде «Северсталь» (Череповец), 22 қыркүйекте Беларусьтің «Динмо» (Минск) командасымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит), «Динамо» (5:2) клубтарынан басым түссе, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) есе жіберді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
