1 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңілді

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа маусымда қазақстандық команда сәтті бастаған еді. Елордада өткен төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Бір ойында бүгінгі қарсыласы - «Динамоға» 1:3 есебімен есе жіберген еді.
Қазақстандық команда сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Қарсыластар алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Соған қарамастан бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты.
Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Динамо» жеңіс голын соқты.
Енді елордалық клуб алдағы төрт ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 25 қазанда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдаса, одан кейін 27 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 29 қыркүйекте «Адмирал» (Владивосток), 1 қазанда «Локомотив» (Ярославль) командаларымен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
