2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында қазақстандық команда жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде елордалық хоккейшілер басымдықты арттыра түсті. Нәтижесінде 26-минутта Мэйсон Морелли есеп ашса, 37-минутта Всеволод Логвин мергендік танытты.

Үшінші кезеңде ресейлік команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен оған қазақстандық команда ойыншылары лайықты тойтарыс бере білді. Есесіне 57-минутта елордалық Аңсар Шайхмедденов басымдықты арттырды.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын Астанада 1 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

Рафаэль Уразбахтин: «Реал Мадридтің» шабуыл шебі өте мықты

Футбол 4 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин: «Реал Мадридтің» шабуыл шебі өте мықты

III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды

Басқа 5 сағат бұрын

III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

Футбол 6 сағат бұрын

Алматыда бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 40 млн теңге алды

Алматы қаласының әкімі әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады

Бокс 7 сағат бұрын

Алматы қаласының әкімі әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады

Хаби Алонсо ұзақ қашықтық қалай әсер еткенін айтты

Футбол 7 сағат бұрын

Хаби Алонсо ұзақ қашықтық қалай әсер еткенін айтты