5 сағат бұрын
Хоккейден отандық бапкер ҚХЛ-дың атақты клубында қызмет істейтін болады

Константин Шафранов Қазанның «Ақ Барыс» хоккей клубының жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Маман командадағы сан басымдығында ойынды ұйымдастыруға жауапты болады.
Бұған дейін ол «Амур», «Автомобилист», «Авангард» және СКА клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 2021 жылы ол омбылық клубпен бірге Гагарин кубогын жеңіп алған.
Еске сала кетейік, Константин Шафранов Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Ол Қазақстан құрамасы сапында екі Олимпиадада және жеті әлем чемпионатында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
