4 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 14 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында алғашқы минуттан қазақстандық команда белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде 10-минутта Самат Данияр мергендік танытса, одан кейін Тайс Томпсон 15-минутта есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде ресейлік клуб басымдықты арттырды. Олардың қатарынан Владимир Ткачёв 28, Владислав Кара 33, Скотт Уилсон 34-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоө.
Үшінші кезеңде қазақстандық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 43-минутында Райли Уолш гол соқты.
Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте ресейлік клуббасым түсті. Салдарынан «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте қатарынан жеңіліп қалды.
Енді қазақстандық клуб алдағы үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 16 қазанда «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін 18 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
