4 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Авангард» командасымен ойнайды

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 14 ұпаймен 16-орынға жайғасса, «Авангард» 22 ұпаймен 2-орында келеді.
Елордалық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 18 қазанда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездессе, 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
