5 сағат бұрын
Сарапшы «Барыстың» ойынын талдап, басты мәселені атады

ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өтетін «Барыс» пен «Авангард» арасындағы матч алдында Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский команда жағдайына пікір білдірді.
Маманның айтуынша, соңғы кездесулерде «Барыс» жеңіске бір қадам жетпей тоқтап жүр.
— «Қазір „Барыс“ кез келген команданы жеңе алатын деңгейде. Бірақ басты проблема — шабуылдағы әлсіздік. Қарсылас аймағына кірген соң, ойыншылар кейде бағытынан жаңылып қалады. Дегенмен, „Авангардқа“ қарсы кездесуде біздің шабуыл өз деңгейінде ойнайды деп сенемін. Бірақ ойын оңай болмайды», — деді Корсунский.
Айта кетейік, «Барыс» пен «Авангард» арасындағы кездесу бүгін Астанада, сағат 19:30-да басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
