2 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы минуттан қазақстандық команданың белсенділігі байқалды. Қазірге дейін қатарынан алты мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан елордалық клуб бұл жолы сол сәтсіздікке нүкте қоюға күш салды. Омбылық клуб та осал қарсылас емес-ті. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан еді.
Соған қарамастан қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетіп, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Ойынның 4-минутында Райли Уолш есеп ашса, 5-минутта Мэйсон Морелли көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін «Авангард» сапынан Николай Прохоркин 13, Дамир Шарипзянов 34-минутта екі гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ал үшінші кезеңде елордалық команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Майк Веккионе 41, Әділ Бекетаев 43, Всеволод Логвин 51, Дінмұхамед Қайыржан 57-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.
Елордалық клуб енді алдағы ойынын елордада 24 қазанда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
