9 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» буллиттен «Ак Барсқа» есе жіберді

ҚХЛ:  «Барыс» буллиттен «Ак Барсқа» есе жіберді

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл жаңа маусымды «Ак Барс» сәтті бастады. Қазір олар 21 ұпаймен 5-орында келеді. Есесіне қазақстандық клуб ойындарын ала-құла өткізіп жүр. 

Кездесу барысында алғашқы минуттан ресейлік клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Григорий Денисенко 8, Михаил Фисенко 15-минутта екі шайба соғып кетті. 

Қақпасына екі гол жіберіп алғаннан кейін «Барыс» командасы алға қарай ұмтылды. Көп ұзамай Всеволод Логвин 16-минутта есеп айырмасын қысқартты. Бұл - 21 жастағы жас хоккейшінің елордалық клуб сапында соққан үшінші голы.

Ал «Барыс» сапынан Кирилл Панюков 43-минутта таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Ак Барс» жеңімпаз атанды.

Енді қазақстандық клуб елордада тағы бір ойынын Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Басқа 5 сағат бұрын

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Хоккей 5 сағат бұрын

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

Бокс 5 сағат бұрын

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Бокс 6 сағат бұрын

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Теннис 6 сағат бұрын

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті