4 сағат бұрын
Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалда қазақстандықтар алаң иесі - Өзбекстан құрамасымен кездесіп, тартысты өткен ойында 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Ал әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен ойнап, қарсыластың қақпасына жауапсыз 12 гол соқты.
Биылғы чемпионатта ерлер мен әйелдер арасында бес елдің командалары бақ сынады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
