5 сағат бұрын
Хоккейден Өскемендегі Азия чемпионатының кестесі шықты
5 және 8 қараша аралығында Өскеменде хоккейден Азия қыздар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Медальдар үшін Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай және Корея командаларымен тартысады.
Жарыс кестесі:
5 қараша 2025, 16:00 – Қытай – Корея
5 қараша 2025, 19:30 – Қазақстан – Жапония
7 қараша 2025, 14:00 – Жапония – Корея
7 қараша 2025, 16:30 – Қытай – Қазақстан
8 қараша 2025, 14:00 – Жапония – Қытай
8 қараша 2025, 16:30 – Корея – Қазақстан
Қыздар командалары арасындағы алғашқы құрлықтық турнир бір жыл бұрын Қытайда өткен болатын. Сол кезде біздің қыздар күрделі тартыста кореялықтарды буллит сериясында ұтып, «қола» медаль иеленді. Кейін командалар биылғы ақпанда өткен Азия ойындары аясында қайта кездесіп, онда біздің қыздар плей-офф кезеңінде Қытай мен Кореяны жеңіп, екінші орынды иеленді. Ал «алтынды» әйелдер арасындағы ИИХФ рейтингінде ең жоғары орында тұрған жапондықтар жеңіп алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов