4 күн бұрын
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық ойын өткізеді
5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Біздің қыздардың қарсыластары — Жапония, Корея және Қытай құрамалары.
Турнир басталар алдында, 2 қараша күні, Борис Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан құрамасы Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Турнир матчтарының кестесі:
2025 жылғы 5 қараша, 16:00 – Қытай – Корея
2025 жылғы 5 қараша, 19:30 – Қазақстан – Жапония
2025 жылғы 7 қараша, 14:00 – Жапония – Корея
2025 жылғы 7 қараша, 16:30 – Қытай – Қазақстан
2025 жылғы 8 қараша, 14:00 – Жапония – Қытай
2025 жылғы 8 қараша, 16:30 – Корея – Қазақстан
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов