3 күн бұрын
«Барыс» қонақтағы сәтсіз сериясын тоқтатпақ
Бүгін, 31 қазан күні Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың кезекті турында Челябінскіде жергілікті «Тракторға» қарсы ойын өткізеді.
Маусым барысында екі команда екі рет кездесіп, бір-бірінен басым түскен болатын. Екі ойын да овертаймға дейін созылған еді.
Қазіргі таңда «Трактор» 21 матчта 23 ұпай жинап, Шығыс конференциясының алтыншы сатысында келеді. Ал «Барыс» дәл осындай ойын санынан кейін 19 ұпаймен жетінші орында тұр.
Айта кетейік, бұл — астаналық ұжымның тоғызыншы сырттағы кездесуі. Бұған дейінгі сегіз ойында да «Барыс» жеңіс дәмін тата алған жоқ.
Матч Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» арнасынан тамашалауға болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас