3 күн бұрын

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 58 мәрте шеберлік байқасты. Оның 29-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті. 

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 16-орынға жайғасса, «Трактор» 23 ұпаймен 13-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 3 қарашада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізсе, одан кейін 5 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас