2 күн бұрын
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Тракторға» есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейде «Трактор» (Челябі) командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қазақстандық командадан Майк Веккионе 26, Джейк Масси 40, Тайс Томпсон 56-минутта мергендік танытты.
Ал ресейлік клубтан Джош Ливо 1, Александр Рыков 8, Джордан Гроос 16, Василий Глотов 22, Владимир Жарков 48, Ярослав Федосеев 51-минутта гол соқты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 3 қарашада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізсе, одан кейін 5 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас