1 күн бұрын
Беларусьтегі турнирге қатысатын хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Беларусьте өтетін Спорт клубы Президентінің кубогына қатысатын шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық турнир ел астанасы Минск қаласында 5-8 қараша аралығында өткізіледі. Онда қазақстандық хоккейшілер Беларусьтің 17 және 18 жасқа дейінгі құрамалары, Ресейдің U16 құрамасымен ойнайды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:
Қақпашылар: Давид Зиновьев («Торпедо»), Арсений Кучковский, Кирилл Мыльников («Барыс»), Елисей Плотников (Академия «Авангард»);
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Макей Громов, Михаэль Деппершмидт, Арсен Елдес, Кирилл Круцкий, Глеб Левченко, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Дэнир Өтеев, Вадим Фирса («Барыс»), Александр Быков («Кармет»), Артем Гасников, Родион Домрачев («Торпедо»), Святослав Евплов («Армия СКА»), Владимир Ткачев («Бейбарыс»);
Шабуылшылар: Тарлан Абдуллин, Жәңгірхан Әбілдин, Аңсар Алдоңгар, Әділжан Әміржанов, Таир Бигаринов, Рауан Қайыржан, Артем Коротков, Егор Кравченко, Роман Лазаренко, Илья Рахманин, Әділхан Саттар, Алан Кенжеғали, Жахангер Тілеухан, Святослав Харченко («Барыс»), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо»), Даниил Вагнер, Никита Маринин, Жандос Нурбеков, Адам Стариненко («Кармет»), Ілияс Дәулетбек, Богдан Залевский («Арлан»), Богдан Дровосеков, Ильяс Жұмаділдинов, Абдуррахим Қыдырбай («Астана»), Михаил Коленко («Лада»).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас