18 сағат бұрын
Өскеменде жас хоккейшінің қазасына себепкер болған азамат сотта бостандыққа шықты
Өскемен қаласында жастар құрамасындағы «Торпедо» хоккейшісі Иван Пыленоктың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
Сот І баптың 104-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкелу») бойынша үкім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 2 тамызында Б. Александров атындағы Спорт сарайының фойесінде Иван мен Л. есімді азамат арасында жанжал туындаған. Бейнебақылау жазбасында Л. қарсыласын мойнынан ұстап, біраз уақыт бойы қысып тұрғаны анық көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, араша түскеннен кейін Иванның жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше жас спортшы көз жұмған. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім мойынның рефлексогенді аймағына тиген жабық соққыдан, яғни жүрек қызметінің рефлекторлы тоқтауынан болған.
Сот Л.-ның әрекеті мен Иванның өлімі арасында тікелей себептік байланыс бар екенін анықтады. «Сотталушының әрекетінде қылмыстық немқұрайлылық болған, бұл абайсызда адам өліміне әкелді», — делінген сот шешімінде.
Марқұмның ата-анасы мен олардың өкілдері істі Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне («Абайсызда өлімге әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қайта саралауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Нәтижесінде, айыпталушыға 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа сәйкес, Л. сот залында-ақ босатылды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас