13 сағат бұрын

Бүгін хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионаты дайындығы аясында Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, Өскемен қаласындағы мұз айдынында өтеді. 

Айта кетсек, 5-8 қараша аралығында Өскемен қаласында әйелдер арасындағы Азия чемпионаты болады.

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі - «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»);

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (А), Александра Воронова (барлығы - «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (обе - «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мәдина Турсынова (барлығы - «Айсұлу»);

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсулу»), София Зубкова, Кира Крухольская, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы - «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі - «Айсұлу Таңдаулы»).




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас