12 сағат бұрын
«Барыс» жаңа шабуылшымен толықты
Астаналық «Барыс» клубы канадалық шабуылшы Максвелл (Макс) Уиллманмен келісімге келді. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
28 жастағы хоккейші өз мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізген. Ол НХЛ-де 68 матчқа қатысып, «Филадельфия» және «Нью-Джерси» клубтарының сапында ойнаған.
Соңғы маусымда Уиллман АХЛ-дің «Ютика Кометс» клубында өнер көрсетіп, 69 кездесуде 30 (10+20) ұпай жинады.
Максвелл Уиллман туралы ақпарат:
- Туған күні: 13 ақпан 1995 жыл
- Амплуа: шабуылшы
- Бойы: 183 см
- Салмағы: 83 кг
- Хват: сол
Жаңа маусымда Уиллман «Барыстың» шабуыл шебін күшейтеді деп күтілуде.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас