Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Қазасқтандық қақпашы Максим Павленко АҚШ-та дебют жасады

Қазасқтандық қақпашы Максим Павленко АҚШ-та дебют жасады

Қазақ қақпашы Максим Павленко АХЛ-дегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

АХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойында «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» командасы «Рочестерден» 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл кездесуде «Питтсбург Пингвинздің» фарм-клубы сапында қазақстандық қақпашы Максим Павленко лигада дебют жасады. Ол мұзға екінші кезеңнің басында шығып, 38 минут ойнады. Павленко өз қақпасына бағытталған 17 соққының 16-сын қайтарып, сенімді ойын көрсетті.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында Максим Павленко «Питтсбург» жүйесіне кіретін ECHL лигасындағы «Уиллинг Нэйлерс» клубына жіберілген еді.

Бір қызығы, Максим Павленко өткен маусымда ғана ВХЛ-де "Рязань ВДВ" клубында үшінші қақпашы болған еді. Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашыларының жарақатына байланысты Максим Павленко әлем чемпионатына шақырылып, ол өзін сенімді түрде көрсете білді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас