Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10.11.2025

Дмитрий Бреус: «Енді мұндай қателіктерге жол бермеуіміз керек»

Дмитрий Бреус: «Енді мұндай қателіктерге жол бермеуіміз керек»

«Барыстың» үйдегі ойындар сериясынан кейін команда қорғаушысы Дмитрий Бреус Sport12.kz порталына өз пікірін білдірді.

— Соңғы 4-5 ойында жеңіліс тапқан кезде өте қиын. Бірақ біз әр ойында барымызды саламыз. Барлық команда мүшелері тек жеңіске жетуді қалайды. Ең басты мақсатымыз — плей-оффқа шығу, — деді Бреус.

Жеңіссіз өткен ойындар туралы ол былай деді:

— Себеп көп, бірақ артқа қараудың қажеті жоқ. Біз алға ұмтылуымыз керек. Енді мұндай қателіктерге жол бермейміз. Үйде де, түзде де жеңіске жетуге тырысамыз.

Ойыншы өз дайындығына да тоқталды:

— Әрдайым толық ойнауға және командаға барынша көмектесуге тырысамын. Жаттығуларда да, матчта да бар күшімді саламын. Бапкер сенімін ақтау мен үшін маңызды, — деді Бреус.

Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-да қазіргі таңда 25 ойыннан кейін Шығыс конференциясында 8-орында келеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»