3 күн бұрын

«Бұдан жаманды көрмедім»: «Барыс» аутсайдерден жеңіліп, сынға қалды

«Бұдан жаманды көрмедім»: «Барыс» аутсайдерден жеңіліп, сынға қалды

Өскемендік «Торпедоның» бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz порталына берген пікірінде ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өткен новосибирлік «Сібірге» қарсы матчта (1:4) астаналық «Барыстың» ойынын сынға алды.

— «Сібір» «Барысты» сенімді әрі толық негізде жеңді. Кеше өткен кездесуде қазақстандық команданың ойыны туралы не айтуға болады? Бұдан жаманды көптен бері көрмеп едім… Кеше Новосібірде соңғы жылдары жиі көріп жүрген «Барыстың» сол қалпын қайта көрдім, — деді маман.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 5 желтоқсанда Астанада Мәскеудің «Спартак» командасына қарсы өткізеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас