3 күн бұрын

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында ойнайды

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында ойнайды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Халықаралық хоккей федерациясы жастар арасындағы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турнир 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өткізіледі. Элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словениямен сарапқа салады.

Ойын кестесі:

7 желтоқсан. 23:30 - Украина - Қазақстан

8 желтоқсан. 23:30 - Қазақстан - Словения

10 желтоқсан. 23:30 - Қазақстан - Франция

11 желтоқсан. 20:00 - Норвегия - Қазақстан

13 желтоқсан. 20:00 - Қазақстан - Аустрия

Қақпашылар: Тәңіхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA), Дәулет Қуат, Дмитрий Ряшин (екеуі - «Снежные Барсы»);

Қорғаушылар: Дамир Бритиков, Нурислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин (барлығы - «Снежные Барсы»), Мәжит Имашев («Elite Hockey Academy»), Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко (барлығы - «Номад»), Дмитрий Рязанов («Горняк»);

Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі - «Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин, Александр Симахин («Снежные Барсы»), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL), Тимур Миндубаев («Номад»), Әлішер Саркенов («Prince Albert Raiders», WHL), Асанәли Саркенов («Spokane Chiefs», WHL), Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ), Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ).





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас