2 күн бұрын

Қазақстан жастар құрамасы Норвегияға есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы Норвегияға есе жіберді

Қазақстанның жастар құрамасы Словениядағы оқу-жаттығу жиындарында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Антон Васин баптайтын команда Норвегия жастар құрамасына қарсы шықты. Ойынға мынадай құрам тіркелді: Қуат (Алпысбаев) — Рязанов, Имашев; Кажыбеков, Перкин, Симахин; Зияш, Ибрагим; Двуреченский, Божко, Симонов; Бритиков, Түсүпбеков; Миндубаев, Умеренков, Корнеев; Шипилин, Макаров; Асқар Сәркенов, Черкасов, Алмас Сәркенов.

Негізгі уақыт тең нәтижемен аяқталған соң, матч буллиттер сериясына ұласты. Тартысты сәттерден кейін Қазақстан құрамасы 3:4 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандқтардың шайбаларын Виталий Божко, Семён Черкасов және Корней Корнеев соқты.

Қазақстан U-20 құрамасы келесі жолдастық кездесуін 4 желтоқсанда Словенияға қарсы өткізеді. Ал жастар құрамасы U-20 әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 7 желтоқсанда Украинаға қарсы бастайды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас