2 күн бұрын

Қазақстандық хоккейші Польша лигасында бір ойында төрт ұпай жинады

Қазақстандық хоккейші Польша лигасында бір ойында төрт ұпай жинады

Польша хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Полония Бытом» командасы «Санок» клубын 8:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

Бұл кездесуде қазақстандық шабуылшы ерекше көзге түсті: ол бір шайба соғып, ассистенттік хет-трик авторы атанды.

25 жастағы форвард биылғы маусымда Польша чемпионатында 23 матч өткізіп, жалпы 27 (11+16) ұпай жинап үлгерді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас