1 күн бұрын
32 соққыны қайтарған қазақстандық қақпашы ECHL-де көзге түсті
ECHL (Шығыс жағалау хоккей лигасы)тұрақты маусымының кезекті матчында «Уиллинг Нэйлерс» командасы «Рединг Роялсты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ойынның басты қаһарманы — қазақстандық қақпашы Максим Павленко. Ол толық матчты өткізді, қақпаға бағытталған 32 соққының барлығын қайтарып, кездесудің бірінші жұлдызы болып танылды.
Павленконың маусымдық көрсеткіші де жақсы: биыл ол «Уиллинг Нэйлерс» сапында 9 ойынға қатысып, 6 жеңіске қол жеткізген. Оның сенімділік коэффициенті — 2,45.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас