1 күн бұрын

Қазақстан 2026 жылғы хоккей әлем чемпионатындағы матчтар кестесін жариялады

Қазақстан 2026 жылғы хоккей әлем чемпионатындағы матчтар кестесін жариялады

Халықаралық хоккей федерациясы бірінші дивизионның «A» тобында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының толық матчтар кестесін таныстырды.

Турнир 2–8 мамыр аралығында Польшадағы Сосновец қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы келесі командалармен бір топта өнер көрсетеді: Франция, Польша, Украина, Жапония және Литва.

Айта кетейік, Швеция мен Данияда өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы «B» тобында соңғы орын алып, элиталық дивизионнан түсіп қалған болатын.

Қазақстан құрамасының матчтар кестесі (Астана уақытымен):

  • 2 мамыр, 19:00 — Литва — Қазақстан
  • 3 мамыр, 15:30 — Қазақстан — Жапония
  • 5 мамыр, 22:30 — Қазақстан — Польша
  • 7 мамыр, 19:00 — Украина — Қазақстан
  • 8 мамыр, 15:30 — Қазақстан — Франция



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас