19 сағат бұрын

«Барыс» Владимир Никитинмен сынақ келісімшартын жасады

«Барыс» Владимир Никитинмен сынақ келісімшартын жасады

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» хоккей клубы қақпашы Владимир Никитинмен 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін сынақ келісімшартын жасады, хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазір елордалық клуб сапында АҚШ хоккейшісі Адам Шил, қазақстандық Андрей Шутов пен Никита Бояркин қақпашы міндетін атқарып келеді. 

Қазір «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінде турнир кестесінде 27 ұпаймен 19 орында келеді. Енді олар кезекті ойынын елордада 5 желтоқсанда Ресейдің «Спартак» командасына қарсы өткізеді. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас