6 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы Словенияны ірі есеппен жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Словенияны ірі есеппен жеңді

Жастар құрамасының хоккейшілері Словения командасымен жолдастық матч өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Кездесу 6:3 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды. Ойын барысында бірден үш қазақстандық хоккейші дубль авторы атанды: Тимур Миндубаев, Роман Двуреченский және Асанәлі Сәркенов словен қақпасына по екі шайбыдан соқты.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы хоккейден 2026 жылғы жастар әлем чемпионатына дайындықты жалғастырып жатыр. I A дивизионының матчтары 7–13 желтоқсан күндері Словенияның Блед қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Словения, Австрия, Норвегия, Франция және Украина. Турнир жеңімпазы 2027 жылғы әлем чемпионатының топ-дивизионына жолдама алады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас