08.12.2025
Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатын бастады
Қазақстанның хоккей құрамасы Словенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойынның есепшотын Корней Корнеев ашты. Екінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Үшінші кезеңнің басында қарсылас есепті теңестіріп, кейін овертаймда тағы бір шайба соқты. Нәтижесінде отандастарымыз Украина құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліс тапты.
Топтық кезеңдегі Қазақстан құрамасының келесі ойыны 8 желтоқсанда Словенияға қарсы өтеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов