5 сағат бұрын
Көкшетауда IV республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары басталды
Бүгін, 8 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында 4 жылда бір мәрте өтетін республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындарының ашылуы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Салтанатты шарада Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин барша қатысушыларды құттықтады.
Айта кетейік, 8-13 желтоқсан күндері аралығындағы бәсекеде шайбалы хоккей, шаңғы, конькимен жүгіруден 2008-2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің арасында жүлделер сарапқа салынады.
Биылғы жарыста 11 облыстан 300-ден астам жас спортшылары қатысуға ниет білдірді.
Шайбалы хоккейді Көкшетау қаласы қабылдаса, шаңғы жарысы Щучинскте және конькимен жүгіру Қостанайда өтеді.
Қазақстан тарихында республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары 2013 жылы дәл осы Ақмола облысынан басталған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов