7 күн бұрын
«Барыстың» бұрынғы бапкері КХЛ клубынан кетті
Қытайдың «Шанхай Драгонз» клубы астаналық «Барыстың» бұрынғы бас бапкері Дэвид Немировскимен келісім бойынша қош айтысқанын хабарлады.
Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім екі тараптың келісімімен қабылданған. Немировски «Шанхай Драгонз» құрамасында 2025 жылғы тамыз айынан бастап жұмыс істеген. Қытайлық команда ҚХЛ Батыс конференциясы турнир кестесінде 36 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Айта кетейік, Дэвид Немировски «Барысты» 2024 жылғы 8 мамырдан 25 қыркүйекке дейін басқарған. Канадалық маман басшылығындағы клуб жеті матчтың бірінде ғана жеңіске жетіп, кейін отставкаға жіберілген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас