7 күн бұрын

Леонид Тамбиев ағымдағы маусымда «Барысты» басқармайды

Леонид Тамбиев ағымдағы маусымда «Барысты» басқармайды

Астаналық «Барыс» клубының басшылығы бас бапкер Михаил Кравецті қызметінен босатып, «Адмиралдың» бұрынғы бапкері Леонид Тамбиевті шақыруды жоспарлап отырған жоқ.

«Барыс» басқармасы Тамбиевпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Михаил Кравец өз келісімшарты аяқталғанға дейін қызметін жалғастыра береді. «Барыс» командасы шығыс конференциясының үздік сегіз командасына қайта қосылып, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап отыр.

Еске салайық, Леонид Тамбиев «Адмиралды» төртінші жеңілістен кейін («Локомотивке» қарсы) тастап кеткен болатын, ал «Адмирал» плей-офф аймағынан тыс қалып отыр. Бұрын Тамбиев Қарағандылық «Сарыарқаны» басқарған және Қазақстан құрамасының бапкерлік штабының құрамында жұмыс істеген.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас