6 күн бұрын

Қазақстан 11–14 желтоқсанда өтетін турнирге қатысатын құрамын бекітті

Қазақстан 11–14 желтоқсанда өтетін турнирге қатысатын құрамын бекітті

Қазақстан құрамасы Ресей, Беларусь және Қазақстан ұлттық командалары қатысатын турнирге дайын құрамын жариялады. Жарыс 11–14 желтоқсан аралығында Новосибирскіде өтеді.

Біздің құрама 10 желтоқсан күні Новосибирскіге аттанады. 11 желтоқсанда Кубок Первого канала аясындағы 3х3 турнирімен бастайды. Тренерлік штаб турнирге арналған соңғы тізімді ұсынды. Сонымен қатар құрамда өзгеріс болып, «Барыс» қорғаушысы Бейбарыс Оразов ұлттық командаға қосылды.

Қазақстан құрамасының Кубок Первого канала турниріне қатысатын құрамы:

Қақпашылар:

Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»)

Қорғаушылар:

Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы — «Барыс»), Мади Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі — «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі — «Сарыарка»), Федор Хорошев («Торпедо»)

Шабуылшылар:

Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі — «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников (екеуі — «Сарыарка»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Муратов, Руслан Оспанов (барлығы — «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»)



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас