5 күн бұрын

Қазақстан жастар құрамасы Францияны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Францияны жеңді

Қазақстанның жастар құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионы, «А» тобындағы матчта Францияны ірі есеппен тас-талқан етті. Антон Васин жаттықтыратын команда 0:2 есебімен жеңіліп жатып, керемет камбэк жасап, ойынды өз пайдасына бұра алды.

Екінші кезеңде қазақстандықтар бастаманы өз қолына алып, ал үшінші кезеңде айқын үстемдік көрсетіп, бірден тоғыз шайба соғып, есепті 14:6 етіп тоқтатты.

Кездесудің басты қаһармандарының бірі — покер авторы Асанәлі Сәркенов. Ол Қазақстан құрамасындағы ең үздік ойыншы атанды. Оның ағасы Алишер Сәркенов те көзге түсіп, дубль жасап, бір нәтижелі паспен көмектесті. Виталий Божко екі гол және ассистенттік хет-трикпен жарқыраса, 18 жастағы Корней Корнеев те үш кезең бойы тиімді ойнап, төрт ұпай (2+2) жинады.

Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын Норвегияға қарсы өткізеді. Кездесу 11 желтоқсанда, Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас