4 күн бұрын
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында элитаға таласудан шет қалды
Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобы аясындағы әлем чемпионатында элиталық деңгейге көтерілу мүмкіндігінен айырылды. Турнирдің төртінші матчында Антон Васин жаттықтыратын команда Норвегиядан 2:10 есебімен ойсырай ұтылды.
Бұл жеңіліс қазақстандықтардың элитаға өту жолын толықтай жапты. Бұған дейін команда Украинаға овертаймда жол берген еді (1:2 ОТ), Словенияны буллит сериясында жеңді (5:4 Б) және Францияны сенсациялық түрде 14:6 есебімен ұтқан болатын.
Жарыс Словенияның Блед қаласында өтіп жатыр. Төрт турдан кейін Қазақстан төменгі бөлікте қалып, жоғары лигаға талас мүмкіндігінен тыс қалды.
Соңғы ойында біздің құрама Аустриямен кездеседі. Матч 13 желтоқсанда, Қазақстан уақытымен 20:00-де өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас