4 күн бұрын

Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында екінші орын алды

Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында екінші орын алды

Бірінші арна кубогының алғашқы ойын күнінде командалар 3×3 форматы бойынша өткен турнирде бақ сынады.

Қазақстан құрамасы старттық матчта Ресейге 1:4 есебімен жол берді. Біздің команданың жалғыз шайбасын Андрей Буяльский соқты.

Екінші ойында қарсылас Беларусь құрамасы болды. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, шешуші буллитті Батырлан Муратов дәл жүзеге асырып, Қазақстанға жеңіс сыйлады.

3×3 турнирінің үшінші матчында Ресей Беларусьті 6:2 есебімен ұтты. Осылайша, үш команда арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирде екінші орынды иеленді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас