3 күн бұрын
Қазақстандық шабуылшы Финляндия чемпионатында айдың үздік ойыншысы атанды
Қазақстандық шабуылшы, Финляндияның «Эссят» клубында өнер көрсететін Александр Ким Финляндияның жастар чемпионатында (U20) айдың үздік ойыншысы атанды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қараша айында Ким сегіз матчта 11 ұпай жинап, тоғыз шайба соғып, екі нәтижелі пас берген. Жалпы маусымдық көрсеткіштері бойынша ол чемпионатта соғылған шайбалар саны мен жиналған ұпай саны жағынан көш бастап тұр — 40 ұпай (22 гол және 18 нәтижелі пас).
U20 SM-сериясындағы айдың үздік ойыншысын Финляндияның 18 жасқа дейінгі жастар құрамасының жаттықтырушылар штабы анықтайды.
Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда «Эссят» командасы овертаймда «Сайпаны» 4:3 есебімен жеңді. Аталған кездесуде Александр Ким бір шайба соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас