3 күн бұрын
«Барыстың» ең қуатты соққы жасайтын ойыншысы анықталды
Континенталдық хоккей лигасының ресми сайты КХЛ тұрақты чемпионатының алғашқы бөлігіндегі «ақылды шайбалар» көрсеткіштері бойынша қорытынды шығарды.
Аталған статистикаға сәйкес, «Барыс» командасында соққы күші бойынша көшбасшы — қорғаушы Самат Данияр. Оның шайбаға жасаған соққысының жылдамдығы 170,9 км/сағ болды. Бұл көрсеткішпен ол лига бойынша 12-орында тұр.
Ағымдағы маусымда 26 жастағы астаналық хоккейші КХЛ тұрақты чемпионаты аясында 35 матчқа қатысып, 8 ұпай (1 гол + 7 нәтижелі пас) жинады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас