Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.12.2025

Қазақстандық хоккейші Финляндияның Лиига тарихына енді

Қазақстандық хоккейші Финляндияның Лиига тарихына енді

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия чемпионатының элиталық дивизионы — Лиигада өнер көрсететін еліміздің тарихындағы екінші хоккейші атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек Игорь Кузнецов қана қол жеткізген. Ол 1989–1991 жылдары ХПК клубының намысын қорғап, 1989/90 маусымында 44 матчта 69 (18+51) ұпай жинап, лиганың екінші үздік сұрмергені болған еді.

16 желтоқсанда «Эссят» клубы Александр Киммен екі жылдық келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Осы маусымды ол команданың жастар құрамында бастап, 27 ойында 43 (24+19) ұпай еншілеп, U20 лигасының үздік бомбардирі атанды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»